2026 жылдың 19-20 наурыз күндері Менеджмент кафедрасының 7М04103-HR Менеджмент, 7М04113-HR Менеджмент, 7М04116-Денсаулық сақтау менеджменті білім бағдарламаларының магистранттары магистрлік диссертацияларын (магистрлік жобаларын) алдын-ала қорғады. Қорғау барысында магистранттар зерттеу жұмыстарының қандай сатылары аяқталғанын айтып, ақпарат берді. Сонымен қатар комиссия құрамының сұрақтарына жауап берді. Кафедра бойынша келесі алдын-ала қорғау сәуір айына жоспарланған.