Atr.kz: Отанға қызмет – азаматтық белсенділіктен басталады
Бүгінгі республикалық референдум – қоғам үшін маңызды саяси кезеңдердің бірі. Мұндай сәттерде әр азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымы ерекше маңызға ие болады. Мен де әскери кафедраның жетекшісі ретінде референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым.
Әскери тәрбие жүйесінде жауапкершілік, тәртіп және Отанға адал қызмет ету секілді құндылықтар басты орында тұрады. Сондықтан ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте азаматтық борышты орындау – біздің ортақ міндетіміз.
Біз жастарға тек әскери дайындықты ғана емес, сонымен қатар елге деген сүйіспеншілік пен қоғамдық жауапкершілік сезімін де қалыптастыруға тырысамыз. Осындай саяси үдерістерге қатысу – сол құндылықтардың нақты іс жүзіндегі көрінісі.
Референдум – әр адамның өз пікірін білдіріп, мемлекет дамуына ықпал етуіне мүмкіндік беретін маңызды алаң. Сондықтан қоғам мүшелерінің белсенділігі мен саналы таңдауы еліміздің тұрақты дамуына негіз болады деп сенемін.
Руслан НАУРЫЗБЕКОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанындағы әскери кафедра бастығы, запастағы полковник
https://atr.kz/referendum/otanga-qyzmet-azamattyq-belsendilikten-bastalady/