Media Image
10.03.2026 8

Исатай ауданында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамының өкілдері кәсіби бағдар беру мақсатында Исатай ауданының 11-ші сынып оқушылары мен мұғалімдерінің қатысумен кездесу өткізді. Кездесу барысында университеттің Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Рауза Канатбаева биылғы мектеп бітіруші түлектерге жоғары оқу орнына түсу тәртібі, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекшеліктері, білім беру бағдарламалары мен мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар әр факультеттен барған өкілдер өз білім беру бағдарламалары және  университеттегі студенттерге жасалып жатқан мүмкіндіктер, атап айтқанда, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, халықаралық бағдарламаларға қатысу, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен студенттік өмір туралы айтты.

Шара барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет мамандарынан нақты жауаптар алды. Кездесу соңында мектеп бітіруші түлектерге ақпараттық материалдар таратылды. 

📷 Дополнительные изображения