Media Image
24.02.2026 3

Кәсіби бағдар беру мақсатында онлайн кездесу өтті

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Маңғыстау облысы «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжі қатысуымен кәсіби бағдар беру мақсатында бітіруші студенттерге арналған онлайн кездесу өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – колледж бітірушілерін жоғары білім алуға бағыттау, университеттің білім беру бағдарламалары мен таныстыру, академиялық ұтқырлық, студенттердің кәсіби дамуына жасалған жағдайлар мен универвистеттің инфрақұрылымы туралы толық мәлімет ұсынды.

Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, болашақ мамандық таңдауда маңызды кеңестер ұсынылды.

Аталған іс-шара аясында екі білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында университет пен колледж арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылғаны атап өтілді. Бұл меморандум академиялық байланыстарды дамытуға, студенттердің білімін жалғастыру мүмкіндігін кеңейтуге және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Онлайн кездесу өз мақсатына жетіп, бітіруші студенттерге жоғары білім алудың мүмкіндіктерін таныстыруда тиімді болды.