Media Image
21.12.2025 8

БІЛІМДІ СТУДЕНТ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2025–2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы қарсаңында Басқарма төрағасы – ректор Идрисов Саламат Нұрмұханұлының студенттермен ашық форматтағы кездесуі өтті.

Еркін форматта өткен жүздесу барысында студенттер өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу кезінде:

• академиялық ұтқырлықты дамыту;

• шетелдік оқытушылар мен студенттер арасындағы тәжірибе алмасу;

• білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

• университет инфрақұрылымын жақсарту;

• оқу үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу

сияқты маңызды бағыттар бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

Айтылған бастамалар университеттің даму стратегиясымен толық үйлесіп, алдағы жоспарлардың басым бағыттарына сәйкес келеді.