"Атырау" газеті: Адам құқығы — жаңа Конституцияның өзегі
Жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі «адам және оның құқықтары» принципін мемлекет пен қоғамның өмір сүруінің іргетасына айналдырады деп күтілуда. Бұл адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы нормаларына да сәйкес келіп, біздің конституциямыздың жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделіп отырғанын көрсетеді.
Бұл дегеніміз- мемлекеттің болашағы минералды ресурстар мен табиғи байлықтармен емес, адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен анықталатынын көрсететін түбегейлі маңызды бетбұрыс.
Сонымен қатар білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттік дамудың басты тетігі ретінде нақтыланып берілген. Жобаның 7-ші бабында дін мен мемлекеттің қатынасы айқын беріліп, діннің мемлекеттен бөлінгені көрсетілген. Сонымен қатар діни ұйымдардың мемлекет пен заң алдындағы жауапкершілігі де көрсетіліп, олардың жұмыс істеуіне шектеу қойылатын нақты себептер берілген. Қазақтанда білім беру мен тәрбие жүйесінің мемлекеттің зайырлы сипатынан туындайтыны айқындалған.
Қазіргі әлемдік дамудың негізгі факторы-цифрлық технологиялардың адам өміріндегі орны да қаралып, цифрлық трансформация конституциялық деңгейде ескеріліп, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы алғаш рет заңнамалық бекітілді. Цифрлық кеңістіктегі жеке өмірдің қорғалуы, дербес деректердің қауіпсіздігі, онлайн-қызметтерді пайдалану кезіндегі құқықтық кепілдіктер сияқты нормалар қазіргі кездегі қоғамда кең тарап отырған проблемалардың болашақта алдын алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Өмірбек БЕКЕЖАН,
философия ғылымдарының докторы
https://atr.kz/kozqaras/adam-quqygy-zhana-konstituciianyn-ozegi/