Media Image
04.12.2025 58

«Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы: дамуы және болашағы» атты ғылыми семинар өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде  ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылым Академиясының Құрметті Академигі  Дюсегалиев Мухит Жоламанұлының   мерейлі 60 жасына арналған  «Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы: дамуы және болашағы» атты ғылыми семинар өтті.

Мухит  Жоламанұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 25 жылдан астам уақыт еңбек етеді, сонымен қатар "Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты"-ның  Атырау филиалының  директоры қызметін атқарып келеді.

Аталған ғылыми семинарға ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, еңбек ардагері Абдошев Елемес Дәулетұлы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Мұхамбетов Болат Мұхамбетұлы, ветеринария ғылымдарның кандидаты, Атырау облыстық ауыл шаруашылығы кәсіподағының төрайымы Есимова Жұмазияға, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Ирзагалиев Қосыбек Салтанатұлы және "Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты"-ның  Атырау филиалының жетекші ғалымы Мусин Тимур және Университет профессор оқытушы құрамы, білім алушылары қатысты.     

Семинар барысында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері, даму бағыттары талқыланып, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық пен қолдау тапты. Мерей той иесін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеттің әлеуметтік мәселелер мен жастар саясаты жөніндегі проректор Қойшығұлова Лайля Ерболатқызы университет ұжымы атынан құттықтады.  Сонымен қатар Дюсегалиев Мухит  Жоламанұлының «Агроөнеркәсіп кешені экономикасы» атты оқу- әдістемелік құралының тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты рәсімді  ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, еңбек ардагері Елемес Дәулетұлы Абдошев пен ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбек Жұбандықұлы Таубаев ашып, оқу- әдістемелік құралының маңыздылығын атап өтті.

Әріптесімізді адам өмірінің айтулы белесі 60 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!.