Media Image
17.10.2025 60

Әмин Тұяқовтың құрметіне арналған турнир

Халел университетіндегі оқу орнының 1960 жылғы түлегі, Еуропа кубогының иегері 🏆, Кеңес Одағының бірнеше дүркін жеңімпазы, рекордшысы, КСРО-на еңбегі сіңген спорт шебері, Маңғыстау және Атырау облыстарының Құрметті азаматы Әмин Тұяқовтың құрметіне өткен жеңіл атлетикалық жарыс қорытындыланды.

Жарысқа Атырау университетінен, қаладағы бірқатар колледждерден және жеке қатысушылардан құралған, барлығы жеті команда, жалпы саны 105 адам қатысты.

100 метрге жүгіруден

Ерлер арасында – Дәуір Жоламан (Индер ауданы, Өрлік селосы), Бақытжан Кенжалы («Болашақ» колледжінің «Вестерн» тобы), Алмат Жасбатыров (политехникалық колледж);

Қыздар арасынан – Жұлдыз Заманғалиева («Вестерн»), Әсел Русланова (политколледж), Ангелина Константинова (Атырау университеті) жеңімпаз атанып, жүлделі орындарды еншіледі.

1500 метрлік қашықтықта

Ерлер арасынан – Еркебұлан Аташев (жеке қатысушы), Жоламан Дәуір (жеке қатысушы), Болат Мұқашев («Вестерн»);

Қыздар арасынан – Альфия Мұхиденова (Атырау университеті), Жұлдыз Заманғалиқызы («Вестерн»), Ақнұр Ізім (Атырау университеті) бағы жанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағазымен, төсбелгімен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қаржылай қолдау университет кәсіподағы тарапынан көрсетілді.