Media Image
17.10.2025 74

«Жемісті еңбек, даңқты белес, сенімді келешек»

Махамбет атындағы облыстық драма театрында Атырау университетінің 85 жылдығына арналған «Жемісті еңбек, даңқты белес, сенімді келешек атты салтанатты жиын болып өтті. Алқалы жиын тарихы 1940 жылдан бастау алатын Атырау университетінің тарихы мен даму жолына арналған бейнебаянды тамашалаудан басталды.

Салтанатты жиында Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов облыс әкімі Серік Шәпкеновтің құттықтау хатын табыстап, университет ұжымын айтулы мерейтоймен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде өңірдің білім мен ғылым саласына айрықша үлес қосқан оқу ордасының жетістіктерін ерекше атап өтті.

Іс-шара барысында университеттің дамуына зор үлес қосқан ұстаздар мен ғалымдардың еңбегі лайықты бағаланды. Оларға Атырау облысының Құрмет грамотасы, Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, «Ғылым үздігі» құрмет дипломы, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» белгісі, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Білім ордасын ҚР Журналистер Одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Атырау университетінің Батыс Қазақстанның жоғары оқу орындары арасынан алғаш болып Университет статусын алуға және ұлтымыздың біртуар тұлғасы Халел Досмұхамедұлы есімінің берілуіне қызмет еткен, қоғам қоғам және мемлекет қайраткері, ҰҒА академигі, 1993-1995 жылдардағы Қазақстан Республикасы Білім министрі – Ережеп Мәмбетқазиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Атырау облысының Құрметті азаматы Мұрат Өтешов, Каспий маңы елдері университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығының президенті А.Н.Наваленный, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Бейбіт Мамраев және бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындарынан келген делегация өкілдері құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Салтанатты кеш соңы жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі, дәулескер күйші Айгүл Үлкенбаева мен университеттің «музыка және өнер» кафедрасы студенттерінің концертіне ұласты.