«Досмұхамедұлы оқулары – 2025: Ғылым мен білімнің дамуындағы заманауи инновациялар және жасанды интеллект» конференциясының секциялық отырыстары өтуде
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетіндегі «Досмұхамедұлы оқулары – 2025: Ғылым мен білімнің дамуындағы заманауи инновациялар және жасанды интеллект» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция түстен кейін секциялық отырыстар түрінде жалғасты.
Секциялық отырыстар «Халел Досмұхамедов және ұлттық ғылымның қалыптасуы», «Заманауи білім беру: тәжірибе, инновация және интеграция», «Жасанды интеллект пен цифрлық трансформация», «Биология, химия, экология салаларындағы заманауи зерттеулер», «Экономика, құқық және ақпараттық технологиялар: заманауи трендтер» және «Филология, тіл және мәдениетаралық коммуникация» бағыттары бойынша өтіп, филология ғылымдарының докторы, Назарбаев университетінің профессоры Айгүл Ісімақова, Әзербайжан Республикасы Сумгаит мемлекеттік университеті PhD, қауымдастырылған профессор Хаяла Идрис Сейфуллаева, Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Дуйшонкул Шаматов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Кәкімжан Бишманов, Франция ның Пуатье университеті доценті Жули Рансон және басқалардың баяндамалары талқыланды.