Медиа ресурсы
«ЖАС ЗАҢГЕР»: БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІЛДІ
Новости

«ЖАС ЗАҢГЕР»: БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІЛДІ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жас заңгер» – «Микробіліктілік» бағдарламасы аясында Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдерімен кәсіби кездесу өтті.

Кездесуге Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Бекболат Анесов, аға жедел уәкіл Қанатбек Қанатбекұлы және Атырау облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Гүлім Аманжолқызы қатысты.

Іс-шараға университеттің Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 3-курс студенттері қатысып, сала мамандарымен кәсіби сұхбат құрды. Кездесу барысында құқықтық-экономикалық бағыттағы өзекті мәселелер қозғалып, экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеу жұмыстарының ерекшеліктері және құқық қорғау органдарындағы кәсіби қызмет туралы маңызды ақпарат берілді.

Мамандар студенттермен тәжірибелерімен бөлісіп, олардың сұрақтарына жауап берді және болашақ мамандарға қажетті кәсіби құзыреттер жөнінде бағыт-бағдар ұсынды.

Мұндай кездесулер IT саласының болашақ мамандарына қосымша микробіліктіліктерді меңгеруге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және цифрлық технологиялар мен құқық саласының өзара байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.