Медиа ресурсы
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Новости

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің базасында өткен «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы саласындағы басқарушылық құзыреттерді дамыту» модульдік бағдарламасы аясында қатысушылар университеттің ғылыми зертханасын аралады.

Зертхана жұмысымен мемлекет және қоғам қайраткері Тамара Дүйсенова, Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамуратов, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Мейрамбек Ахметов, «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы Президиумының төрағасы Жумабек Жаныкулов және ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі Кайракбай Жанабеков танысты.

Қонақтарға зертхананың ғылыми бағыттары мен заманауи құрал-жабдықтарының мүмкіндіктері таныстырылды. Университет ғалымдары құрамында күкіртсутегі бар газ бен мұнай қалдықтарын өңдеу және регенерациялау, экологиялық технологиялар, ресурстарды үнемдеу мен биоматериалдарды қайта пайдалану бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

Сондай-ақ ғалымдар өздерінің өнертабыстары мен зерттеу нәтижелерін ұсынып, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми әзірлемелер жөнінде ақпарат берді.