Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті халықаралық даму жолында маңызды жетістікке қол жеткізді! Университетіміз Еуропалық университеттер қауымдастығына (European University Association – EUA) қауымдастырылған мүше (Associate Member) ретінде қабылданды.
EUA – Еуропадағы жоғары білім мен ғылымның дамуына, университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін беделді халықаралық ұйым.
Бұл мүшелік университетімізге жаңа мүмкіндіктер ашады:
Еуропалық университеттермен академиялық және ғылыми ынтымақтастықты кеңейту;
Халықаралық жобалар мен академиялық ұтқырлықты дамыту;
Білім беру сапасын арттыру және озық тәжірибе алмасу;
Университеттің халықаралық беделі мен танымалдығын нығайту.
Бұл жетістік – университетіміздің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануындағы маңызды қадам!