Медиа ресурсы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ УНИВЕРСИТЕТІ АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК 100 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ
Новости

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ УНИВЕРСИТЕТІ АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК 100 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

 QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орнын сақтап, үш университеті рейтингтің алғашқы жүздігіне енген өңірдегі жалғыз мемлекет атанды. Биылғы рейтингке еліміздің 51 жоғары оқу орны енгізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жеті университетке артық.

 QS Asia University Rankings 2027 рейтингіне Азияның 26 елі мен аумағынан 1722 университет енді. Рейтингке енгізілген жоғары оқу орындарының саны бойынша Қазақстан Азияда 10-орынға тұрақтады. Соңғы үш жылда рейтингке қатысқан қазақстандық университеттердің саны 34-тен 51-ге дейін артты. Оның ішінде жеті жоғары оқу орны рейтингке алғаш рет енді.

 Азияның үздік 100 университетінің қатарына Қазақстанның үш жоғары оқу орны кірді:
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 46-орын;
* Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 62-орын;
* Satbayev University – 89-орын.

 Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында рейтингтегі орнын айтарлықтай жақсартқан университеттердің бірі – NU. Университет 62 сатыға көтеріліп, 139-орынға ие болды. Осылайша, рейтингке екінші жыл қатарынан қатысып отырған оқу орны Азияның үздік 200 университетінің қатарына енді. Сондай-ақ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті өз көрсеткішін 64 сатыға жақсартып, 618-орынға көтерілді.

 Қазақстандық университеттер білім беру ортасының сапасы, академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Рейтингтің 11 индикаторының жетеуі бойынша отандық жоғары оқу орындарының орташа көрсеткіштері Азия университеттерінің орташа деңгейінен жоғары болды.

Атап айтқанда, академиялық алмасу бағдарламалары аясында шетелге шығатын студенттердің үлесі бойынша Қазақстанның орташа көрсеткіші 58,8 балды құрады. Ал Азия бойынша бұл көрсеткіш 22,6 балға тең. Оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы бойынша отандық университеттер орта есеппен 52 балл жинаса, Азиядағы орташа көрс