Медиа ресурсы
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ «КІТАП ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Новости

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ «КІТАП ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген республикалық жұмыс тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіруге және өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кездесу аясында Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті кітапханасының қызметімен танысты.


Делегация құрамында Құрылтай депутаттары Арман Хайруллин мен Муса Хайруллиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Назарбек Қосшиев, ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев, энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмухамбетов болды.


Қонақтар Ғылыми кітапхана бөлімінің «Кітап оқитын университет» жобасы аясында студенттерге таныстырып жүрген 15 кітаптан тұратын дәстүрлі көрмені тамашалады. Көрмеге қойылған әдебиеттердің мазмұны мен оқырманға берер құндылығы жөнінде ақпарат алды.
Сонымен қатар оларға университет кітапханасының электронды қорын пайдалануға мүмкіндік беретін LiBAU платформасының қызметі таныстырылды. «Кітап оқитын университет» жобасы студенттердің әдебиетке қызығушылығын арттыруға, таным көкжиегін кеңейтуге және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.