Медиа ресурсы
УНИВЕРСИТЕТТЕ ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Новости

УНИВЕРСИТЕТТЕ ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің барлық факультетінде ішкі академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру мәселелеріне арналған кездесулер өтті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Сапаны мониторингтеу офисінің жетекшісі Жанна Қайшығұлова мен жетекші маманы Алуа Қибадоллина жүргізді.

Кездесулер барысында білім алушыларға ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу тәртібі, қажетті құжаттарды рәсімдеу, серіктес жоғары оқу орнын таңдау және оқу нәтижелерін қайта есептеу талаптары түсіндірілді. Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып, бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері жөнінде толық ақпаратпен танысты.

Сонымен қатар академиялық ұтқырлық үдерісін жеңілдетуге арналған жаңа қосымша таныстырылды. Цифрлық жүйе өтінім беру мен құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын автоматтандыруға, қағаз құжат айналымын азайтуға және артық әкімшілік рәсімдерді қысқартуға бағытталған.

Кездесулерде білім алушылардың серіктес жоғары оқу орындарында білім алу кезеңінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтауы, оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауы және меңгерген пәндерінің нәтижелерін қайта есептеу тәртібі ерекше назарға алынды.

Өткізілген кездесулер білім алушылардың ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы түсінігін кеңейтіп, оған қатысу жолдарын нақтылауға мүмкіндік берді. Бағдарлама студенттерге еліміздің басқа жоғары оқу орындарында білім алып, тәжірибе жинақтауға және кәсіби біліктілігін арттыруға жол ашады.