Медиа ресурсы
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ МАРАПАТТАРЫ ҒАЛЫМДАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ
Новости

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ МАРАПАТТАРЫ ҒАЛЫМДАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің білім мен ғылым саласының дамуынаелеулі үлес қосқан профессор-оқытушылары ҚазақстанРеспубликасы Ғылым және жоғары білім министрлігініңмарапаттарына ие болды.

Университетің математика және математиканы оқытуәдістемесі кафедрасының профессоры Нұргүл Шаждекееважәне Көптілді білім беру деканы факультетінің деканы Меруерт Аманғазиева ғылым саласындағы нәтижеліеңбектерігі үшін «Қаныш Сәтбаев» медаліменмарапатталды.

Сондай-ақ, «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесіүшін» медалі Психология және арнайы педагогика кафедрасының профессоры Шолпан Джанзаковаға жәнеЭкономика және менеджмент кафедрасыныңқауымдастырылған профессоры Райхан Уталиевағатабысталды. Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының сеньор-лекторы Қамбарбек Аманов «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен:

- Қансұлу Утепкалиева – Экономика және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

- Ардақ Амангосова – Физика және техникалық пәндеркафедрасының қауымдастырылған профессоры;

- Ғайни Баймукашева – География және туризм кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

- Үзім Джумагалиева – Орыс филологиясыкафедрасының меңгерушісі;

- Қарлығаш Әшірханова – Қоғамдық келісімді дамытуинститутының директоры;

- Айгүл Утешкалиева – Жаратылыстану факультетідеканының міндетін атқарушы;

- Оразбай Қарабалин – Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының сеньор-лекторы марапатталды.

Сонымен қатар «Жоғары және жоғары оқу орнынанкейінгі білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы Музыка және өнер кафедрасының сеньор-лекторы АқкенжеШаужановаға, Аударма ісі және шетел тілдерікафедрасының қауымдастырылған профессоры Рита Бисенбаеваға, Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасыныңсеньор-лекторы Бэлла Тажгаринаға және Әскерикафедраның бастығы Руслан Наурзбековке табысталды.

Министрліктің Құрмет грамотасымен Қазақстан жәнедүниежүзі тарихы кафедрасының сеньор-лекторы Гүлфайруз Шугаепова, Қазақ тілі және әдебиетікафедрасының сеньор-лекторы Жанаргүл Есқалиева, Қаржыжәне есеп кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әсел Қадырбергенова және Әскери кафедраның сеньор-лекторы Серік Абсаматов марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білімминистрінің Алғыс хатына:

- Эльмира Испанова – Мектепке дейінгі және бастауышбілім беру кафедрасының сеньор-лекторы;

- Ернар Абзалов – Журналистика және дінтанукафедрасының аға оқытушысы;

- Әлия Мұқышева – Шетел тілін оқыту әдістемесікафедрасының сеньор-лекторы;

- Ерлан Ізбасаров – Бағдарламалық инженерия кафедрасының сеньор-лекторы;

- Бердібек Ізтелеуов – Дене шынықтыру және бастапқыәскери дайындық кафедрасының сеньор-лекторы;

- Жасұлан Чуйншкалиев – Әскери кафедраның сеньор-лекторы ие болды.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектерінетолағай табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен шығармашылық серпін тілейміз!