Медиа ресурсы
ТҰҒЫРЫ БИІК ҚАЗАҚСТАН
Новости

ТҰҒЫРЫ БИІК ҚАЗАҚСТАН

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Тұғыры биік Қазақстан!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Жиынға құрмет қараулы Мемлекеттік Туды әкеліп, жиналғандар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады.

Ұлттық мерекені ұлықтаған жиында Республика күннің тарихи маңызы жайлы ғылым докторы, профессор Лесқали Бердіғожин баяндама жасады. «2022 жылы Ұлытауда өткен І Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек», – деп ерекше тоқталып өткен болатын. Содан араға 13 жыл үзіліс салып, еліміз ұлттық мереке – Республика күнін салтанатты түрде атап өтіп келеді», деді профессор Л.Бердіғожин.

Салтанатты жиында Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов университет ұжымын ұлттық мерекемен құттықтап,   ғылым мен білім саласын дамытуға үлес қосып келе жатқан профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге мемлекеттік, ведомстволық марапаттарды табыстады.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Атырау облысының құрметті азаматы Асхат Иманғалиев Каспий маңы елдері университеттері және ғылыми-зерттеу институттары қауымдастығының 30 жылдығына арналған мерекелік төсбелгімен марапатталды.

Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты филология ғылымдарының кандидаты, Орыс филологиясы кафедрасының профессоры Сәуле Дүтбаеваға және заң магистрі Венера Наурызоваға табысталды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қаныш Сәтбаев» медалімен Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Нұргүл Шаждекеева және Көптілді білім беру факультетінің деканы Меруерт Аманғазиева марапатталды.

Сондай-ақ, «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» медалі Психология және арнайы педагогика кафедрасының профессоры Шолпан Джанзаковаға және Экономика және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры Райхан Уталиеваға табысталды. Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының сеньор-лекторы Қамбарбек Аманов «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.

Министрліктің «Ғылым үздігі» құрмет дипломымен Қансұлу Утепкалиева, Ардақ Амангосова, Ғайни Баймукашева, Үзім Джумагалиева, Қарлығаш Әшірханова, Айгүл Утешкалиева және Оразбай Қарабалин марапатталды.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы Ақкенже Шаужановаға, Рита Бисенбаеваға, Бэлла Тажгаринаға және Руслан Наурзбековке табысталды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен Гүлфайруз Шугаепова, Жанаргүл Есқалиева, Әсел Қадырбергенова және Серік Абсаматов марапатталды.

Министрдің Алғыс хатына Эльмира Испанова, Ернар Абзалов, Әлия Мұқышева, Ерлан Ізбасаров, Бердібек Ізтелеуов және Жасұлан Чуйншкалиев ие болды.

Университеттің «Университет дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі Анастасия Умурзаковаға, Жұмазия Абдрахмановаға, Нұрзиля  Беккуловаға, Гүлнар Сапароваға, Еркін Қоянғалиевке және Тойдық Ахмурзинаға табысталды.

Университеттің Құрмет грамотасымен Нұргүл Қайрлиева, Раушан Атырауова, Еркебұлан Шәріп, Нұрбол Утениязов, Гүлшат Жайлаубаева, Алуа Кибадоллина және Индира Асанова марапатталды.

Сонымен қатар Білім беру, ғылым, жастар саясаты, инфрақұрылым және әкімшілік қызмет салаларындағы жемісті еңбегі үшін Сәндігүл Байжанова, Альфия Салихова, Мерей Дүзелбаев, Кенжебай Бақтығалиұлы, Ақмарал Мұсағалиева, Қуанғали Есенғалиев, Алма Еркенова, Қарашаш Тауманова, Үміт Мусағалиева, Назерке Сибағатова, Алтынгүл Фазылова, Ақжанар Нұржанова, Жансұлу  Темірова, Айгүл Досанғалиева, Әділбек Ысқақ, Бақытгүл Қожахметова, Сана  Байтурина және Асылай Елемесова ректордың Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ Гүлнара Мұстағалиева, Виолетта Тарабрина, Қосыбек Ырзағалиев, Гита Темірғалиева, Жазира Дюсемуратова және Нұрайым Нысанбай «Әділет» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының Алғыс хатына ие болды.

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен Бақытгүл Тұрсынова, Кенжегүл Төлеубаева, Аралбек Құлжігітов және Гүлнұр Бисенова марапатталды.

Университеттің Сапа мониторингі кеңсесінің жетекшісі Жанна Қойшығұлова мемлекеттік қызметті жүзеге асыруға белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының Алғыс хатына ие болды.

Мерекелік іс-шара Отанға деген сүйіспеншілік пен елдік рухты дәріптеген концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендерге қазақ биі, поэзиялық пролог, «Жүрегім – Қазағым», вокалдық квартет, домбырашылар ансамблі, «Алаш» тобының өнері және «Атамекен» әні ұсынылды.

Республика күні – халқымыздың бірлігі мен мемлекеттілігіміздің мерейін айшықтайтын ұлық мереке. Еліміздің тұғыры биік, тәуелсіздігі тұғырлы, болашағы жарқын болсын! Республика күні құтты болсын!