Медиа ресурсы
ПРОФЕССОР БЕЙБІТ МАМРАЕВ «ҚАНЫШ СӘТБАЕВ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Новости

ПРОФЕССОР БЕЙБІТ МАМРАЕВ «ҚАНЫШ СӘТБАЕВ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті.

Еліміздің ғылыми қауымдастығы үшін маңызды мерейтойлық іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық және шетелдік ғылым академияларының басшылары, жоғары оқу орындарының жетекшілері мен белгілі ғалымдар қатысты.

Мерейтой аясында отандық ғылым мен жоғары білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен қайраткерлер марапатталды.  Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, профессор Бейбіт Мамраевқа министрліктің жаңадан бекітілген ведомстволық наградасы – «Қаныш Сәтбаев» медалін табыстады. 

Бұл мәртебелі марапат – профессор Бейбіт Мамраевтың отандық ғылымды дамытуға, жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге және ғылыми-білім беру саласының өркендеуіне қосқан үлесі мен көпжылдық нәтижелі еңбегінің жоғары бағалануы.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымы Директорлар кеңесінің төрағасы, профессор Бейбіт Мамраевты мәртебелі ведомстволық марапатқа ие болуымен шын жүректен құттықтайды! Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын!