Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары оқу орындарын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Мәртебелі марапатты Астана қаласында Жоғары білім қызметкерлері күніне орай өткен республикалық форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады. Бұл марапат – Саламат Идрисовтың жоғары білім саласын дамытуға, университеттің ғылыми-білім беру әлеуетін арттыруға және оқу орнының өркендеуіне қосқан елеулі үлесіне берілген жоғары баға.
Құрметті Саламат Нұрмұханұлы!
Сізді Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ұжымы атынан мәртебелі марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы қызметіңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Марапатыңыз құтты болсын!