Медиа ресурсы
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КОНКУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Новости

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КОНКУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

16 қазан күні Х. Досмұхамедұлы атындағыАтырау университетінде AP26101249 «Мектепбілімінің тиімді және қауіпсіз геймификациясыныңтұжырымдамасын әзірлеу» ғылыми жобасыаясында студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауы өтті.

Байқаудың ашылу салтанатында ғылым жәнеинновациялар жөніндегі проректор БақытӨмірханұлы Алтынбасов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға еліміздің 6 жоғары оқу орнынан 20 үздік ғылыми жоба ұсынылды: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті; Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті;Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті; Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті; І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті; Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті.

Студенттер жасанды интеллект, геймификация, цифрлық білім беру платформалары және компьютерлік модельдеу тақырыптарындағы өзекті зерттеулерін қорғап, әділқазылар алқасының сауалдарына жауап берді.

Қазылар алқасы 20 ғылыми жұмыстың әрқайсысын жіті қарап, жан-жақты талқылады. Жеңімпазды анықтау оңай болған жоқ, себебі әр жұмыс – тың идея, әр презентация – қажырлы еңбектің жемісі. Ғылыми жұмыстар 3 негізгі критерий бойынша бағаланды:

1. Ғылыми жаңашылдығы – геймификацияны қауіпсіз ету жолдарының ғылыми тұрғыда қаншалықты негізделуі;

2. Практикалық тиімділігі – ұсынылған шешімдерді ертеңгі мектеп тәжірибесінде қолдану мүмкіндігі;

3. Зерттеу әдістемесінің сауаттылығы.

Қатысушылардың басым бөлігі жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті. Ұсынылған жұмыстар - тек бүгінгі конкурстың үздігі ғана емес, «Мектеп білімінің тиімді және қауіпсіз геймификациясы» тұжырымдамасына енгізілетін нақты ғылыми ұсыныстар.

Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының төрағасы Жангирхан Гилманұлы Джумамухамбетов барлық қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарға дипломдар мен сертификаттар табыстады.

Жеңімпаздар:

I орын (70 000 теңге)

Актанов Дамекер (Ғылыми жетекшілері: Г.Ш.Нургазинова, К.М. Мухамедиева) -Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті;

II орын (50 000 теңге)

Хурметбекұлы Ұлықпан (Ғылыми жетекшісі:Ж.Б.Копеев) - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

Тұрғанбай Сымбат, Асембек Айым Дилдабекқызы, Мажит Раушан Набиқызы (Ғылыми жетекшісі: Ж.С. Айткулов) - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.

III орын (30 000 теңге)

Әбілмәжін Жаннұр Тәліпақынқызы, Сейлькумаров Мади Бауыржанұлы (Ғылыми жетекшісі: Д.Е.Куатбаева) - І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті;

Төлеген Сымбат Дулатқызы, Үркімбай Айым Ерланқызы (Ғылыми жетекшісі: Н.О. Мекебаев) - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;

Алимбаев Даниал Бекболатұлы, Боярский Егор Андреевич (Ғылыми жетекшісі: А.Б.Алина) -Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жас ғалымдарға толағай табыс, жаңа ғылыми белестер тілейміз!