Медиа ресурсы
ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТТІ
Новости

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТТІ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Цифрлық білім беру технологиялары» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.

 Дәрісті Қоқан университетінің Білім кафедрасының доценті Қалендарова Зарафшан Қалбаевна (Өзбекстан) және Атырау университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ұлдай Туленова жүргізді.

 Дәріс барысында білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану жолдары, заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндіктері және оларды оқу үдерісіне енгізу ерекшеліктері талқыланды. Атап айтқанда, электрондық және қашықтан оқыту, аралас оқыту, мультимедиялық және интерактивті технологиялар, бұлтты сервистер, мобильді оқыту, жасанды интеллект, виртуалды және толықтырылған шындық технологияларының білім берудегі рөлі түсіндірілді.

 Сонымен қатар цифрлық бағалау құралдарын қолдану, электрондық оқу материалдарын әзірлеу, жедел кері байланыс орнату және білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды дараландыру мәселелеріне назар аударылды. Спикерлер педагогтің цифрлық құзыреттілігімен қатар, ақпараттың сенімділігін тексеру, жеке деректерді қорғау, авторлық құқықты сақтау және академиялық адалдық қағидаларын ұстанудың маңызын атап өтті.

 Қонақ дәріс нәтижесінде студенттер цифрлық білім беру технологиялары туралы білімдерін толықтырып, оларды болашақ педагогикалық қызметте тиімді әрі қауіпсіз қолдану тәсілдерімен танысты.