Медиа ресурсы
«КАСПИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2026»: АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
Новости

«КАСПИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2026»: АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері Ақтау қаласында өтіп жатқан VIII Халықаралық «Каспий ойындары – 2026» жарысында бақ сынауда. Халықаралық додаға Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындарынан келген студент-спортшылар қатысуда.

Жарыстың алғашқы күндерінде университет спортшылары бірнеше спорт түрінен жоғары нәтиже көрсетті. Жүзуден Дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті, Қазақстан Республикасының спорт шебері Дарья Чеснакова 3 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. Университеттің жүзу командасы жалпы командалық есепте 2-орын иеленді.

Шахматтан университет командасы жалпы есепте 2-орын алды. Жеке есепте Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенті Диляра Ғабитова 1-орын, Физика-математика факультетінің 3 курс студенті Аян Еркін және 2 курс студенті Гүлжайсан Сүйеу 3-орын иеленді.

Баскетболдан ИББ факультетінің Дене шынықтыру және спорт мамандығы студенттерінен құралған команда 1-орын жеңіп алды.

Сонымен қатар волейбол, бокс, футзал және киберспорт бойынша университет спортшылары жарыс жолын жеңіспен бастап, бәсекені жалғастыруда.

Айта кетейік, биылғы «Каспий ойындарына» университеттен спорттың 9 түрі бойынша 100 студент қатысуда. Студенттер баскетбол, волейбол, футзал, шахмат, жүзу, бокс, каратэ-до, самбо және киберспорттан бақ сынауда.

Университет спортшылары бәсекені жалғастырып, жаңа жеңістерге ұмтылуда.