Media Image

27 мая 2025

«Ең үздік бейнеролик» байқауының жеңімпаздары марапатталды!

"Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі" тақырыбында «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облысы филиалы мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клубымен бірлесе «ЕҢ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК» байқауын жариялады. Байқауға студенттердің жекелей және топтасқан жұмыстары ұсынылды. Бүгін сайыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.

Байқау мақсаты: мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Байқаудың жеңімпаздарын ««ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы филиалының төрағасы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры С. Н. Идрисов марапаттады.

І орын – Ар мен Заң командасы

ІІ орын - Адалдық альянсы

ІІІ орынды – Қалмағанбетова Малика иеленді.

Аталған байқау студенттерге әлеуметтік маңызы бар мәселені шешуге, сценарий, әлеуметтік медиада аудиториямен жұмыс жасау және т.б. бағыттар бойынша тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта университеттіміздің белсенді және шығармашыл жастары тың идеяларымен сыбайлас жемқорлықпен күресуге ат салысып, өз жалғасын таба бермек.