Медиа ресурсы
СТУДЕНТТЕР САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ
Новости

СТУДЕНТТЕР САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

 Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті экономика және құқық факультетінде «Сайлау құқығы және сайлау жүйелері» тақырыбында дәріс өтті.
Студенттерге Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әсия  Қыстаубаева елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси өзгерістер жайлы дәріс өткізді. Сонымен қатар, сайлау ережелері мен сайлау үдерісіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді.
Кездесу барысында студенттер сайлау құқығының негізгі қағидаттарымен, сайлау жүйелерінің ерекшеліктерімен және азаматтардың сайлау үдерісіндегі құқықтары және міндеттерімен танысты.
Танымдық дәріс жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етпек. 
Дәріс барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, сайлау құқығына қатысты сұрақтарына жауап алды.