Медиа ресурсы
«МҰҒАЛІМ» СПЕКТАКЛІ – ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАЙДЫ
Новости

«МҰҒАЛІМ» СПЕКТАКЛІ – ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАЙДЫ

Бүгін Атырау жастар театрында «Мұғалім» әлеуметтік драмасы сахналанды. Қойылымды Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері және «Ұстаз» мектебінің оқушылары тамашалады.
Спектакльде мұғалім мамандығының мәні, ұстаздың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен кәсіби жауапкершілігі көрініс тапты. 
Қойылымға Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Нұрмұханұлы Идрисов те қатысты.
Ректор театр ұжымына ризашылығын білдіріп, қойылымның педагогика мамандығын таңдаған жастар үшін тәрбиелік мәніне тоқталды.
«Бүгінгі «Мұғалім» спектаклін Атырау университетінің студенттері үшін сахналаған театр ұжымына шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бұл қойылымның үлкен тәрбиелік мәні бар. Өйткені ұстаздық – жай ғана мамандық емес, жас ұрпақтың тағдырына жауапкершілікпен қарап, оның бойына білім мен тәрбие, адамгершілік пен ізгіліктің дәнін себетін үлкен миссия», – деді Саламат Нұрмұханұлы.
Қойылым жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дәріптеп, ұстаз мамандығының маңызын түсінуге және мәдени дүниетанымын кеңейтуге бағытталды.