Медиа ресурсы
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ОБЛЫСТАҒЫ «СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫН» БАСҚАРАДЫ
Новости

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ОБЛЫСТАҒЫ «СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫН» БАСҚАРАДЫ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ректоры «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының Атырау облыстық филиалының жаңадан тағайындалған төрайымы Ержанова Элеонора Ержановнаны қабылдады.

Кездесу барысында студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Университет ректоры Элеонора Ержановнаға жаңа қызметінде сәттілік тілеп, студент жастардың бастамаларын қолдауға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде жаңа төрайым алдағы жоспарларымен бөлісіп, студенттердің мүддесін қорғау бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

🤝 Студенттік қозғалысты дамыту жолындағы бірлескен жұмыстарға сәттілік тілейміз!