Медиа ресурсы
Студенттеріміз «SUMMER SCHOOL – 2026» халықаралық жазғы мектебіне қатысты
Новости

Студенттеріміз «SUMMER SCHOOL – 2026» халықаралық жазғы мектебіне қатысты

2026 жылдың 3–7 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасының Қоқан қаласындағы Қоқан университетінде «SUMMER SCHOOL – 2026» халықаралық жазғы мектебі өтті. Бағдарламаға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан жоғары оқу орындарының студенттері, соның ішінде университетіміздің білім алушылары қатысты.

Жазғы мектептің мақсаты – студенттердің білім көкжиегін кеңейту, халықаралық академиялық байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және мәдениетаралық қарым-қатынасты дамыту.

Бағдарламаның ашылу салтанатында Қоқан университетінің ректоры Г. Захидов қатысушыларға сәттілік тілеп, халықаралық білім беру бағдарламаларының жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына қосатын үлесін атап өтті.

Бес күндік бағдарлама аясында танымдық дәрістер, практикалық сабақтар, тренингтер, шеберлік сағаттары, пікірталастар мен топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Университетіміздің студенттері іс-шараларға белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, шетелдік студенттермен тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар, қатысушылар Қоқан қаласының тарихи-мәдени орындарымен танысып, Өзбекстан халқының тарихы, ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлері туралы мағлұмат алды.

Жазғы мектеп соңында бағдарламаны сәтті аяқтаған студенттерге халықаралық сертификаттар табысталды.

«SUMMER SCHOOL – 2026» студенттеріміз үшін жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға, халықаралық байланыстар орнатуға және дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік берген маңызды білім беру алаңына айналды.