Медиа ресурсы
Халықаралық байланыстарды нығайту: Атырау университеті делегациясының Әзірбайжанға сапары
Новости

Халықаралық байланыстарды нығайту: Атырау университеті делегациясының Әзірбайжанға сапары

2026 жылдың мамыр айында Х. Досмухамедов атындағы Атырау университеті «Экономика және құқық» факультетінің делегациясы – факультет деканы, п.ғ.к. Райхан Уталиева және аға оқытушылар, э.ғ.м. Мейрамгүл Дінғазиева мен Айнұр Тәжіденова академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Сумгаит мемлекеттік университетінде (SDU) болды.

Бұл сапар өте мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Сапардың басты қорытындылары төмендегідей:

Туризмді дамыту: «Business Safari» Networking-платформасында тараптар Атыраудың туристік әлеуетін ілгерілетуді, Каспий маңы өңірінің маркетингін, экологиялық туризмді және бірлескен туристік пакеттерді құру мәселелерін талқылады.

Ғылым және инклюзия: Research Insight сессиясында еңбек нарығын және мүмкіндігі шектеулі жандарды (МШЖ) Атырау өңірінің экономикасына кіріктіруді зерттеген авторлық жобаның нәтижелері ұсынылды.

Білім беру блогы: SDU студенттері мен магистранттары үшін қазақстандық оқытушылар ҚР-дағы цифрландыру, кәсіпкерлік трендтері және стартаптарды қолдау құралдары туралы қонақ дәрісін өткізді.

Түркі мемлекеттерінің интеграциясы: Делегация халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты. Декан Райхан Уталиева түркі елдерінің ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы туралы баяндама жасады. Кездесу соңында SDU проректоры Эльмар Халилов қатысушыларға сертификаттар табыс етті.

Алға қойған жоспарлар:
Кездесу қорытындысы бойынша нақты қадамдар белгіленді: ұжымдық монография жазу, бірлескен зерттеулер, воркшоптар, студенттермен алмасу бағдарламалары, тағылымдамалар және Каспий маңы өңіріндегі бизнесті қолдау бойынша жаңа бастамалар.

Сумгаит мемлекеттік университетіндегі әріптестерімізге жылы қабылдауы, қонақжайлылығы мен жоғары оқу орындарымыз үшін жаңа көкжиектер ашатын нәтижелі сұхбаты үшін шын жүректен алғыс айтамыз!