Медиа ресурсы
Көктемгі емтихан сессиясын ұйымдастыру туралы эфир өтті
Новости

Көктемгі емтихан сессиясын ұйымдастыру туралы эфир өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Чукуров «2025-2026 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясын ұйымдастыру» тақырыбында университеттің ресми парақшаларынан тікелей эфирге шықты.
Онлайн режимдегі сұхбатта Асхат Ералыұлы көктемгі сессияның басталу мерзімі, ұйымдастырылуы және профессор-оқытушылық құрам мен университет студенттерінен талап етілетін басты міндеттер жайында баяндады.
Тікелей эфирде Асхат Ералыұлы сессия тапсыру форматтары мен оларды тексеру және емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндігі бар студенттер туралы айтты. Сонымен қатар аппеляциялық комиссия жұмысы және студенттердің аппеляциялық құқықтары мен оның мерзімі туралы да ақпарат айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.   
Онлайн кездесуде баяндалған тақырыптардың бірі – жазғы семестр. Проректор жазғы семестрге онлайн тіркелу мүмкіндігі ашылғанын, 20-30 мамыр аралығында қабылданатынын нақтылап өтті. Эфир соңында емтиханды қайта тапсыру тәртібі туралы баяндалды.