Медиа ресурсы
Құттықтаймыз!
Новости

Құттықтаймыз!

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің қазақ күресі командасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ЖОО студенттері арасындағы «ENU BARYSY» республикалық турнирінде жеңімпаз атанды.

Атырау университетінің ұжымы атынан қазақ күресі командасын жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — табандылық пен қажырлы еңбектің, намыс пен рухтың жарқын жемісі. Сіздер оқу ордамыздың абыройын асқақтатып, қазақ күресінің мәртебесін тағы бір биікке көтердіңіздер.

Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз! Жеңіс тұғырынан түспеңіздер!