Медиа ресурсы
Құттықтау!
Новости

Құттықтау!

2026 жылғы 23 сәуірде КеАҚ «Шәкәрім университетінде» өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық пәндік олимпиадада 6В04101 – «Экономика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Б.С. Урынгалиева, А.Б. Жумаханов және А. Ә. Алқам жүлделі І орынды иеленді.

Бұл – сіздердің табандылықтарыңыз бен терең білімдеріңіздің, сондай-ақ ғылыми жетекшілеріңіз – экономика кафедрасының сеньор-лекторы А.К. Джумаева мен профессор Р.К. Сабированың кәсіби бағыт-бағдарының жарқын нәтижесі.

Университетіміздің абыройын асқақтатып, білім мен ғылым жолында жоғары жетістікке жеткендеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз.

Жеңістеріңіз құтты болсын!