Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша комиссия жұмысы
Бүгін Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде білім алушылардың жыл сайынғы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының университетішілік I кезеңі өтті.
Аталған кезең аясында 21 білім беру бағдарламасы бойынша ұсынылған 72 ғылыми-зерттеу жұмысына сараптама жүргізілді. Бұл жұмыстар студенттердің ғылыми ізденісін, зерттеу дағдыларын және кәсіби біліктілігін анықтауға бағытталды.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті бойынша комиссия құрамы ұсынылған ғылыми жобаларды жан-жақты бағалап, үздік жұмыстарды іріктеді.
Комиссия төрайымы – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Эльмира Мизамғалиқызы. Сонымен қатар комиссия құрамында тәжірибелі оқытушылар, қауымдастырылған профессорлар, философия докторлары (PhD) бар.
Сондай-ақ комиссия құрамына жұмыс берушілер қатарынан:
– Атырау облысы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының әдіскері Ғайнеденов Н.А.;
– Атырау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Адами капиталды дамыту» бөлімінің басшысы Кожантаев К.Т. енгізілді.
Аталған байқау студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, олардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған.
📷 Дополнительные изображения