Media Image

23 апреля 2025

Студенттік спартакиада ойындары жалғасуда

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан дәстүрлі факультетаралық студенттік спартакиада өз жалғасын табуда. Бүгін бірнеше спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылып, мықтылар анықталды.
Сайыстың екінші күні студенттер үстел ойындарынан, атап айтқанда, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша сынға түсті.
Тоғызқұмалақ жарысы бойынша:
1 орын - Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті командасы;
2 орын - Көптілді білім беру факультеті командасы;
3 орын - Инновациялық білім беру факультеті комндасы.
Үстел теннисі бойынша тартысты ойын нәтижесінде:
1 орын - Инновациялық білім беру факультеті командасы;
2 орын - Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті командасы;
3 орын - Көптілді білім беру факультеті командасы.
Шахмат турнирінің қорытындысы бойыншы:
1 орын -Экономика және құқық факультеті командасы;
2 орын-Жаратылыстану ғылымдары және өнер факультеті командасы;
3 орын - Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті командасы.
Спартакиада аясындағы сайыстар жалғасуда. Алда – волейбол, баскетбол, армрестлинг, асық ату және жеңіл атлетика жарыстары.