Media Image

22 апреля 2025

Студенттік спартакиада 2025

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында студенттер арасында дәстүрлі факультетаралық спартакиада басталды. Спорттық сайыстар 2025 жылдың 21-30 сәуір күндері университеттің «Жайық» спорт кешені мен 1-оқу корпусының спорт залында өтеді.
Жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, спорт арқылы ұйымшылдық пен командалық рухты нығайту.
Алғашқы жарыс күні футзалдан қыздар командалары өзара бақ сынасты. Нәтижесінде үздіктер анықталып, жүлделі орындарға ие болған құрамалар:
1-орын – Инновациялық білім беру факультетінің құрамасы;
2-орын – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің құрамасы;
3-орын – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің құрамасы.
Алдағы күндері спартакиада аясында волейбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг, асық ату және жеңіл атлетика сияқты түрлі спорт түрлері бойынша жарыстар жалғасады.
Сайысқа қатысушы студенттерге жарыста сәттілік және жарқын жеңістер тілейміз!