
22 апреля 2025
Ататүрік университетінің ғалымы Асие Адеми ректор қабылдауында болды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне «Orhun» түркі тілдес елдер арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасынан арнайы келген қонақ – доктор Асие Шимшек Адеми ректор қабылдауында болды.
Қабылдауда ректор Саламат Идрисов Асие Шимшекпен екіжақты ғылыми-академиялық байланыстарды нығайту, ортақ жобалар мен алмасу бағдарламаларын дамыту жайлы пікір алмасты.
Асие Шимшек Адеми - Түркияның Ерзурум қаласындағы Ататүрік университетінің оқытушысы, әлеуметтану, саясаттану және халықаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізетін білікті маман.
Доктор Асие Шимшек Адеми аталған салалар бойынша терең ғылыми жұмыстарымен танымал, оның ішінде «Ауғанстаннан келген мигранттар» атты еңбегі ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл еңбекте ол көші-қон мәселелерін жан-жақты талдап, халықаралық миграциялық процестерге әлеуметтік-саяси тұрғыдан баға берген.
2025 жылдың 21-26 сәуір аралығында түркиялық ғалым университетіміздің журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасында дәрістер, семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізеді.