
11 апреля 2025
Қаржылық қауіпсіздік бойынша кең көлемді оқыту шаралары ұйымдастырылды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен қаржылық қауіпсіздік бойынша кең көлемді оқыту шаралары ұйымдастырылды.
Қаржылық сауаттылықты арттыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және студенттердің қаржылық қауіпсіздік негіздерімен танысу мақсатын көздеген оқыту бағдарламасы аясында Атырау университетінің барлық білім алушыларына арналған қонақ дәрістер өту көзделген. Қонақ дәрістерге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисов пен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Нұрлан Каримов арнайы қатысты.
Оқыту сабақтарын Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары Ердос Молдабеков, Назар Мусағалиев, Аксана Алипкалиева және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі Зита Кенжегалиева сынды білікті мамандар жүргізуде.
Қонақ дәрістер барысында тыңдаушылар қаржылық қауіпсіздік негіздерімен танысып, арнайы тестілеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар студенттерді қаржылық қауіпсіздікке байланысты өтетін Республикалық Ұлттық Олимпиада барысымен ақпараттандырды.