
11 апреля 2025
«Жастардың кәсіпкерлік бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ғылым күніне орай «Жастардың кәсіпкерлік бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Экономика кафедрасы ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты – жастардың кәсіпкерлік саласындағы білімдерін кеңейту, табысты кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу және жастар кәсіпкерлігінің мүмкіндіктерін көрсету болды.
Жиынға арнайы шақырылған қонақтар Атырау облысы «Атамекен» ҰКП Адам дамыту бөлімінің бастығы Амангелді Иманов, «Атамекен» шағын қаржыландыру ұйымының басшысы Сырым Жұмахметов, «Афиша-Атырау» медиа орталығының директоры Жанель Мырзатаева, сондай-ақ Әлеуметтік бағдарлама және инновация қорының директоры Ирина Горбаченко және университеттің профессор-оқытушылар мен білім алушылары қатысты.
Шарада мемлекеттік қолдау тетіктері мен жастар кәсіпкерлігін дамыту бағыттары кеңінен талқыланып, маркетинг мамандығының студенттері Бекжан Қапаров мен Кирил Ким өздерінің маркетингтік зерттеу жобаларын таныстырды. Әлеуметтік бағдарлама және инновация қорының директоры Ирина Горбаченко зерттеу жұмыстарын жоғары бағалап, өз жобаларына іріктеусіз қабылдайтынын атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, естелік суретке түсті.