
19 марта 2025
Атырау университетінің “Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы” атты концерт өтті
«Исатай–Махамбет» алаңында Наурыз мерекесіне орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ұйымдастырған “Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы” атты концерт өтті. Мерекелік кеш қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында университеттің өнерпаз студенттері мен ұстаздары ұлттық ән-күй, би және театрландырылған көріністер ұсынып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеді. Кеш қонақтары халқымыздың бай мәдени мұрасымен сусындап, Наурыздың басты құндылықтары – бірлік, жаңару және жақсылыққа ұмтылу идеяларын сезіне алды.
Кеш соңында көрермендер өнерпаздарға ыстық ықыластарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.