Media Image
19.03.2025 58

Бітіруші түлектермен кездесу өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кәсіби бағдар және маркетинг бөлімі Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.

Бұл кездесудің басты мақсаты – колледж студенттеріне жоғары оқу орнына түсу тәртібін түсіндіру, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ережелерімен таныстыру және болашақ мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар беру.

Кездесу барысында университет өкілдері оқу орнының мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, жеңілдіктер мен гранттар туралы ақпарат беріп, студенттерге қажетті құжаттар мен оқуға түсу талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ, университеттің оқу үрдісі, академиялық бағдарламалары мен студенттік өмірі туралы да жан-жақты мәліметтер ұсынылды.

Кездесу соңында колледж студенттері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі жан-жақты жауап алды. Студенттер жоғары оқу орнына түсуге байланысты өзекті мәселелерді талқылап, мамандардың кеңестерін тыңдады.