Media Image

27 января 2025

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы студенттерінің педагогикалық тәжірибесі сәтті аяқталды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы студенттерінің педагогикалық тәжірибесі сәтті аяқталды.

Көркем еңбек және бейнелеу өнері мамандығының студенттері педагогикалық тәжірибеден өту барысында өз мамандықтарының қыр-сырын терең меңгеруге мүмкіндік алып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.

Тәжірибе соңында білім алушылар кафедра оқытушылар құрамымен кездесіп, өз  пікірлерін ортаға салды, тәжірибе барысында жинаған білімдері мен дағдылары туралы баяндама дайындап, табысты қорғап шықты.

Болашақ ұстаздарға тәжірибеден өтуге мүмкіндік тудырған қала мектептері университет студенттерінің 1 жылдық жұмысын жоғары бағалап, жақсы мінездемелер берді. Жоғары деңгейдегі қолдау студенттердің кәсіби тұрғыдан өсуіне ықпал етері сөзсіз.

Студенттердің жетістігі – біздің ортақ жеңісіміз!