
21 января 2025
Ректор кубогы – 2025!
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдығына арналған профессор-оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлер арасындағы дәстүрлі 75 – ші спартакиаданың жабылу салтанаты өтті.
Шарада салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық ойындарға белсене қатысқан профессор-оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерден құралған командалар марапатталды.
Спартакиада спорттың 9 түрі бойынша ұйымдастырылды. Олар: баскетбол, үстел теннисі, фиджитал спорт Fifa 25, шахмат, асық ату, арқан тарту, волейбол, футзал, көңілді старт.
Шарада Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов құттықтау сөз сөйлеп, арнайы марапаттарды табыс етті.
Биылғы спартакиаданың ерекшелігінің бірі – бұрынғы университет ректорларының арнайы жүлделерінің тағайындалуы болды.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 2000-2008 жылдардағы ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің «Үздік ойыншы» арнайы жүлдесімен:
· Сания Ибрагимқызы (Көптілді білім беру факультеті);
· Узима Джумагалиева (Көптілді білім беру факультеті);
· Сайран Сейфуллин (Экономика және құқық факультеті) марапатталды.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 2012-2016 жылдардағы ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраевтың «Үздік ойыншы» арнайы жүлдесіне ие болғандар:
· Арман Жумағазиев (Жаратылыстану ғылымдары факультеті);
· Бэлла Тажгаринна (Экономика және құқық факультеті);
· Гулфара Рысмағанбетова (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті).
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1991-2000 жылдар аралығындағы ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хисмет Бозанұлы Табылдиев атындағы «Үздік ойыншы» арнайы жүлдесімен:
· Мырзатай Мажитов (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті);
· Несібелі Есілханқызы (Көптілді білім беру факультеті) марапатталды.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагер ұстазы Майра Ғилайқызы Гилаева атындағы «Үздік жанкүйер факультет» арнайы жүлдесімен:
· Физика,математика және ақпараттық технологиялар факультеті;
· Көптілді білім беру факультеті марапатталды.
Жалпы командалық есепте:
1 орын - Ректор кубогін жеңіп алған - Физика математика және ақпараттық технологиялар факультеті;
2 орынды - Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті;
3 орынды – Инновациялық білім беру факультеті иеленді.
75-ші дәстүрлі спартакиадада университет қабырғасында білім беріп қана қоймай, спортты серік етіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында үлестерін қосып, жетістікке жеткен қызметкерлерді жеңістерімен құттықтаймыз.
75 – ші спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орын алған факультет командалары мен үздік ойыншылар:
Баскетболдан:
1. «Үздік корғаушы» - Тумышев Бердибек (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті)
2. «Үздік шабуылшы» - Бекешова Әсел (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті)
3. «Үздік ойыншы» - Батырханов Боздақ (Көптілді білім беру факультеті)
Үстел теннисінен:
1. «Үздік ойыншы» - Утаралиев Айса (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті)
2. «Үздік ойыншы» - Жумашева Гульжанар Гарифуллаевна (Көптілді білім беру факультеті)
Фиджитал спорт Fifa 25 ойыны бойынша:
1. «Үздік ойыншы» - Қали Рахат Қонысбайұлы (Экономика және құқық факультеті)
Шахмат ойынынан:
1. «Үздік ойыншы» - Ележанова Шынар Қапаровна (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті)
2. «Үздік ойыншы» - Ирзагалиев Қосыбек (Жаратылыстану ғылымдары факультеті)
Асық атудан:
1.«Үздік ойыншы»- Бисенов Утепберген Көшербайұлы (Жаратылыстану ғылымдары факультеті)
2.«Үздік ойыншы»- Уәлібай Нұрбақыт (Көптілді білім беру факультеті)
Арқан тарту ойынынан:
1.«Үздік ойыншы»- Турдалиев Қадірбек (Экономика және құқық факультеті);
2.«Үздік ойыншы»- Утешкалиева Айгүл Мадениетовна (Инновациялық білім беру факультеті).
Волейболдан:
1. «Үздік ойыншы» - Төлеген Али (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті);
2. «Үздік қорғаушы» - Бекетова Асылай (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті);
3. «Үздік шабуылшы» - Тажигалиева Маншук (Жаратылыстану ғылымдары факультеті).
Кіші аяқ добынан:
1. «Үздік қақпашы» - Ернар Қабделов (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті);
2. «Үздік шабуылшы» - Ким Олег (Жаратылыстану ғылымдары факультеті);
3. «Үздік ойыншы» - Қайыржан Манас Бауыржанұлы (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті).
Көңілді эстафета бойынша:
1. «Үздік ойыншы» - Масалимиова Айгүл (Экономика және құқық факультеті);
2. «Үздік ойыншы» - Аманғазиева Меруерт Құсайынқызы (Көптілді білім беру факультеті).