Финляндияның Хельсинки университетінің профессоры, зерттеуші Светлана Шендеровамен онлайн-кездесу

21.10.2025 54

10 қазан күні Финляндияның Хельсинки университетінің профессоры, ғылым докторы Светлана Шендеровамен онлайн-кездесу өтті. Ол – жоғары білім берудегі басқару, көшбасшылық және интернационалдандыру салалары бойынша танымал зерттеуші. Профессор Шендерова Scopus және Web of Science (Q1 және Q2) базаларында индекстелген жетекші ғылыми журналдарда жарық көрген бірнеше мақалалардың авторы болып табылады.

Хельсинки университеті әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және QS World University Rankings халықаралық рейтингінде 116-орынды иеленеді.

Кездесу барысында профессор Шендерова Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғалымдарымен бірлескен ғылыми жобаларға қатысуға, сондай-ақ шақырылған шетелдік профессор ретінде ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді. Сонымен қатар, Scopus және Web of Science базаларында индекстелген халықаралық журналдарда бірлескен ғылыми мақалалар дайындау және жариялау жөнінде келісімге келінді.

Қазақстан тарапынан кездесуге келесі өкілдер қатысты:
білім беру менеджменті саласының докторы, стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Б.О. Алтынбасов;
инновациялық оқыту факультетінің деканы, профессор А.У. Муханбетжанова;
көптілді білім беру факультетінің деканы М.К. Амангазиева;
экономика және құқық факультетінің деканы Р.С. Уталиева;
сондай-ақ кафедра меңгерушілері мен халықаралық ынтымақтастық офисінің қызметкерлері.

Кездесу сындарлы атмосферада өтті және Атырау университеті мен Хельсинки университеті арасындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

file
file
file
file