Атырау университетінде шетелдік ғалымдардың академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында қызмет ету мүмкіндіктері

26.05.2025 265

Атырау университетінде шетелдік ғалымдардың академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында қызмет ету мүмкіндіктері

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен тығыз әріптестік байланыс орнатқан. Осы ынтымақтастық шеңберінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелдік ғалымдардың университетте уақытша ғылыми-педагогикалық қызмет атқаруына жағдай жасалған. Бұл бастама университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және білім мен ғылым саласындағы жаһандық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

 

Шетелдік ғалымдардың қызмет ету бағдарлары:

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен

  • Қаржыландыру көлемі: 4000 АҚШ долларына дейін

  • Мерзімі: 1 ай

  • Мақсаты: дәрістер оқу, шеберлік сабақтарын өткізу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, білім алушылар мен оқытушыларға ғылыми-әдістемелік кеңес беру

2. Orhun академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында

  • Түркі мемлекеттері ұйымына мүше университеттер арасындағы академиялық алмасу

  • Университетаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады

  • Қысқа мерзімді сапарлар (1–4 апта) аясында дәрістік және мәдени бағдарлама

  • Халықаралық ғылыми іс-шараларға және бірлескен жобаларға қатысу мүмкіндігі

3. Атырау университетінің қолдауымен

  • Қаржыландыру университеттің ішкі мүмкіндіктері немесе халықаралық келісімдер негізінде қамтамасыз етіледі

  • Мақсаты: ғылыми және академиялық басымдықтарға сай шетелдік мамандардың уақытша ғылыми-педагогикалық қызмет атқаруын ұйымдастыру

  • Форматтары: қонақ дәрістері, ғылыми жетекшілік, оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысу, бірлескен ғылыми жарияланымдар

 

Шетелдік ғалымдардың университетте қызмет атқаруы – білім беру мен ғылымның сапасын арттыруға, халықаралық ғылыми ықпалдастықты дамытуға және Атырау университетінің жаһандық білім кеңістігіндегі орнын нығайтуға елеулі үлес қосады.