Media Image
16.02.2026 6

"StartUp-2026" жобасының жеңімпаздары анықталды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті 2020 жылдан бері 35 жасқа дейінгі студенттер мен жас мамандар арасында университетішілік стартап байқауын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.

Биыл конкурсқа барлығы 31 өтінім қабылданып, комиссия мүшелерінің іріктеуінен кейін 17 үздік жоба сарапшылар қарауына жолданды.

Жобалар төрт бағыт бойынша ұсынылды:

• бизнес;

• әлеуметтік;

• ғылыми;

• университеттің имиджін дамыту.

Сарапшылар құрамында:

– Равиль Каржауов – «Atyrau Hub» директоры;

– Асқар Алдан – «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы» РҚБ Атырау облыстық филиалының директоры, JasUp жобасының менеджері;

– Асхат Чукуров – академиялық мәселелер жөніндегі проректор;

– Қансұлу Өтепқалиева – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор;

– Бахыт Алтынбасов – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор;

– Ләйлә Қойшығұлова – әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор.

Байқау қорытындысы бойынша қаржылай қолдауға ие болған жобалар:

🔹 Сарсенбай Жазира – «Жасыл кампус» жобасы (750 000 теңге)

🔹 Рахметов Максот – «PhD Mentor» жобасы (750 000 теңге)

🔹 Ренатқызы Аружан – «Restart» жобасы (1 500 000 теңге)

🔹 Изтелеуова Акбота – «Psy Connect Junior & Family» жобасы (1 500 000 теңге)

🔹 Кәдірберген Ардақ – «MOOC платформасының функционалдығын жаңарту және кеңейту» жобасы (2 500 000 теңге)

🔹 Адайбеков Дархан – «Maad Study» жобасы (2 500 000 теңге)

🔹 Жаксылык Бектас – «Kerek App» жобасы (2 500 000 теңге)

Жеңімпаз жобалардың сәтті іске асырылып, өңір мен ел дамуына нақты үлес қосуына тілектестік білдіреміз.