Медиа ресурсы
АНКАРА ХАДЖЫ БАЙРАМ ВЕЛИ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙДЫ
Новости

АНКАРА ХАДЖЫ БАЙРАМ ВЕЛИ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙДЫ

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті мен Түркия Республикасының Анкара Хаджы Байрам Вели университеті арасында екіжақты ынтымақтастық туралыкелісімге қол қойылды.

Келісімге Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор, профессор Саламат Идрисов пен Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің ректоры, профессор Мехмет НаджиБостанджы қол қойды.

Қазақстанның бауырлас Түркия елімен қалыптасқан білімжәне ғылым саласындағы байланыстары бүгінде нақтынәтижелерге ұласып отыр. Академиялық ұтқырлық аясындаАтырау университетінің студенттері мен магистранттарыАнкара Хаджы Байрам Вели және Түркияның өзге де жоғары оқу орындарында білім алып, ғылымитағылымдамадан өтсе, түркиялық білім алушылар да Атырау университетінде келіп, тәжірибе жинақтауды дәстүрі қалыптасты. 

Солардың қатарында, Түркі елдерінің «Орхон» академиялық ұтқырлық бағдарламасы да өзара байланыстың аясын кеңейтті. Өткен жылдарда Түркиядан оннан астам ғалым Атырау университетіне келіп, дәріс оқып, ғылыми тәжірибелерімен бөлісті. Атырау университетінің профессор-оқытушылары да Түркияныңсеріктес жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, ғылыми-академиялық байланыстарын нығайтты. Нәтижесінде бірлескен ғылыми ізденістер дамып, университет ғалымдарының мақалалары серіктес оқуорындарының ғылыми басылымдарында тұрақтыжарияланып келеді.

Жаңа келісім тұғыры қалыптасқан байланысты одан әрітереңдетіп, академиялық алмасу мен бірлескен ғылымизерттеулерді кеңейтуге, профессор-оқытушылар мен білімалушылардың ұтқырлығын арттыруға, мәдени және ғылымижобаларды бірлесе жүзеге асыруға бағытталады. Сонымен қатар, тараптар ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қолға алуға ниетті екендіктерін жеткізді. 

Бұл келісім – бауырлас екі елдің білім мен ғылымсаласындағы өзара ықпалдастығын нығайтып, жаңамүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам.