История кафедры

25.05.2026 473

Аймақтағы психологиялық ахуалды, зерттеулер мен олардың практикалық маңыздылығы педагогика және психология, арнайы педагогика мамандығына деген сұранысты арттырады. Осы қоғамдық сұранысты қанағаттандыру мақсатында және студенттер санының артуына орай Педагогика, Психология және арнайы білім беру кафедралары 2022-2023 оқу жылында бірігіп, «Психология және педагогика» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі лауазымына қауымдастырылған профессор, философия докторы PhD К. Казиев тағайындалды. Кафедрада 28 профессор-оқытушылар жұмыс  істейді.

Қазіргі уақытта кафедра бакалавриат және  магистратура деңгейлерінде білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда: 6В01101-Педагогика және психология, 6В01102-Психология  IP, 6В03101-Психология, 6В01901-Логопедия, 6В01902-Арнайы педагогика IP, 7М01101-Педагогика және психология.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі тарапынан жүргізілген мамандандырылған аккредиттеу жұмысының қорытындысында 6В01101-Педагогика және психология, 6В01102-Психология  IP, 6В03101-Психология, 6В01901-Логопедия, 6В01902-Арнайы педагогика IP, 7М01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламалары 2024-2025 оқу жылында аккредитациядан сәтті өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы білім беру бағдарламаларының 2022 жылғы рейтингінде кафедра даярлайтын 6В01101-Педагогика және психология білім бағдарламасы 34 ЖОО-нан 1 орынды,  6В01901-Логопедия білім бағдарламасы 12 ЖОО-нан 2 орынды,  6В03101 – Психология білім бағдарламасы 24 ЖОО-нан 10 орынды иеленді.

Халықаралық ынтымақтастық аясында кафедраға шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары шақырылып, дәрістер ұйымдастырылып отырады. Канада елінің Simon Fraser University профессоры Роберт Уильямсон икнлюзивті білім беру бағытында,  Өзбекстан  елінің Коканд университетінің профессоры Исламов Анвар Аширкулович білім беру менеджменті пәндері бойынша келіп дәріс оқыды. Түркияның Акдениз университетінің қауымдастырылған профессоры, доктор Суат Колукырык Педагогика және психология білім бағдарламасының білімалушыларына «Әлеуметтік психолоия» тақырыбында дәріс өткізді.

"Жоғары мектеп психология" пәні бойынша 7М01101-Педагогика және психология мамандығының магистранттарына жоғары мектеп психология еңбегінің авторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы А.Ерментаева (2021 ж.), Абай атындағы ҚазҰУнің Арнайы педагогика кафедрасының дефектология мамандығы бойынша бірнеше оқулықтың авторы PhD докторы Г. Ибатова “Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету” тақырыбында (2023 ж.), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика кафедрасының профессоры педагогика ғылымдарының докторы К.Шалғынбаева студенттерге «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен «Ұлттық тәрбие» тақырыбында (2023 ж.) қонақ дәрістерін оқыды.

Қазіргі білім беру саласындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылатын академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өзара тәжірибе алмасу үшін 2023 оқу жылында кафедраның профессоры п.ғ.к., профессор С.Қ.Нұрмұқашева Каспий қоғамдық  университетінде, кафедраның аға оқытушысы Ж.С.Бекжанова Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде, кафедра меңгерушісі К.О.Казиев М.Оспанов атындағы БҚМУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тәжірибелермен алмасып келді.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінен педагогика кафедрасының профессоры п.ғ.к., З.Т.Көкшеева профессор п.ғ.к., З.Т.Айджанова, Каспий қоғамдық университетінің PhD докторы, қауымдастырылған профессор Т.М.Есимгалиева, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінен Г.Ө.Бекешова педагогика және психология, психология, логопедия білім бағдарламасының студенттеріне арнайы пәндерден дәріс, семинар сабақтарын жүргізді.

          2023-2024 оқу жылында университетішілік ғылыми жобалар жүргізілді:

          - «Жастар арасында мамандық таңдауды футурологиялық зерттеу», жобаның ғылыми жетекшісі кафедраның қауымдастырылған профессоры Л.Е.Қойшығұлова;

          - «ЖОО- да педагогтердің кәсіби эмоционалдық қажуының алдын-алудың психологиялық механизмдері»,  ғылыми жетекшісі К.О.PhD Казиев;

          - «Бастауыш сыныптағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу негіздері», ғылыми жетекшісі  PhD Г.О.Мугауина.

          - «Х.Досмұхамедұлының ғылыми еңбектерін үш тілде контенттік цифрландыру негізінде виртуальды мұражай-зертханасын құру», ғылыми жетекшісі  п.ғ.д., профессор Ш.И.Джанзакова.

Кафедраның білім бағдарламалары бойынша халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, студеттер командасы жүлделі орындарға ие болды. Айталық, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен Дефектология білім бағдарламасы бойынша ҚР. жоғары оқу орындары студенттерінің XV-республикалық пәндік олимпиадасында кафедра аға оқытушысы Ж.С.Бекжанованың жетекшілігімен Логопедия мамандығының  студенттері қатынасып 2 орынды  (2023 ж.), Ш.Есенов университетінде ҚР. жоғары оқу орындары студенттерінің XV- республикалық пәндік олимпиадасында кафедра аға оқытушысы В.С.Турегалиеваның жетекшілігімен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша мамандығының  студенттері қатынасып 2 орынды (2023 ж.) иеленді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті базасында өткен  7М01 – «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасына  7M01101 - Педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранттары кафедра аға оқытушысы Г.О.Мугауина мен Г.Ғ.Жұбанғалиеваның жетекшілігімен дайындалып еліміздегі 14 ЖОО-дары арасында «Үздік зерттеу жобасы» номинациясымен марапатталды.

2024 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында өткен 6В019-Арнайы педагогика бағыты бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVI Республикалық пәндік олимпиадасында Логопедия білім бағдарламасының 3курс студенті Мейрамғалиева Нұрайна Таңатқызы ғылыми жетекшісі психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Жанар Бекжанова Серіккалиевна жүлделі 2 орынға ие болды.

2025 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде 6В01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасында ХVІІ Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша “Дарын” командасы республиканың 17 ЖОО арасынан топ жарып жүлделі 2-ші орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі аға оқытушы, магистр Н.Қарабаева. Педагогика және психология білім бағдарламасының 3 курс студенті А.Тілекқабылдың «Комфортты орта құрудағы педагог-психолог» тақырыбыныдағы ғылыми жобасы «Үздік ғылыми жоба»  номинациясы дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшілері: пс.ғ.к. Н.Иманғалиева.

2025 жылы Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті базасында өткен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында 6B019 - «Арнайы педагогика» бағыты бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадада еліміздің 15 ЖОО арасынан 6В01901-Логопедия білім бағдарламасы бойынша студент А.Бахтигалиева  ІІІ орынмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі оқытушы Н.Турсынгали.

Ш.Есенов атындағы Ақтау университеті базасында өткен  6В01101 Педагогика және психология ББ бойынша республикалық СҒЗЖ конкурсында  Педагогика және психология мамандығы 4 курс студенті Ф.Мәлікұлы І  дәрежелі дипломмен (2023), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында өткен 6В01301-Психология ББ бойынша республикалық СҒЗЖ конкурсында Психология мамандығы 4 курс студенті Ұ. Имашева ІI  дәрежелі дипломмен (2023), Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті базасында өткен 7M01101- Педагогика және психология ББ бойынша республикалық МҒЗЖ  конкурсында Педагогика және психология мамандығы 2 курс магистранты А.Тапанова ІII  дәрежелі дипломмен (2023) марапатталды.  Ғылыми жетекшісі К.О.Казиев.

«Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ 2023-2024 оқу жылы 6В01101-Педагогика және психология білім бағдарламасы бойынша, 2025-2026  оқу  жыл 6В01101-Педагогика және психология, 6В01301-Психология білім бағдарламасы бойынша, жылсайынғы студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының II кезеңіне базалық ЖОО болып бекітіліп Республикалық деңгейде кафедраданарнайы ғалымдардан комиссия құрылып, жұмыстар арнайы антиплагиат жүйесінде тексеріліп конкурс нәтижелері жарияланды.

2024 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында өткен  6В01101 Педагогика және психология ББ бойынша республикалық СҒЗЖ конкурсында  Педагогика және психология мамандығы 2 курс студенті А.Ғабитқызы ІII  дәрежелі дипломмен (2024), Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті базасында өткен 7M01101- Педагогика және психология ББ бойынша республикалық МҒЗЖ  конкурсында Педагогика және психология мамандығы 2 курс магистранты Г.Чандыбаева ІII  дәрежелі дипломмен (2024), 2025ж Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында өткен 6В01301-Психология ББ бойынша республикалық СҒЗЖ конкурсында Психология мамандығы 3 курс студенті Ә.Нұрсұлтан I  дәрежелі дипломмен (2025), 7M01101- Педагогика және психология ББ бойынша республикалық МҒЗЖ  конкурсында Педагогика және психология мамандығы 2 курс магистранты М.Муханова ІII  дәрежелі дипломмен (2025) марапатталды.  Ғылыми жетекшісі К.О.Казиев.

2025 жылы Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті базасында өткен 6В01101 Педагогика және психология ББ бойынша республикалық СҒЗЖ конкурсында Педагогика және психология мамандығының студенті А.Тілекқабыл I  дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Н.Т.Иманғалиева, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті  базасында өткен 6В01901 Арнайы педагогика ББ бойынша республикалық СҒЗЖ конкурсында Логопедия мамандығы 3 курс студенті Н.Құбайдолла IІІ дәрежелі дипломмен (2025) марапатталды. Ғылыми жетекшісі Ж.С.Бекжанова.

Кафедра профессор-оқытушылар құрамы оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстар мен қатар республикалық, облыстық көлемдегі өткізіліп жатқан шараларға белсене араласып отырады.

Кафедраның ғылыми-практикалық әлеуетін айқындайтын маңызды құрылымдардың бірі «Дарын» инклюзивті білім беру ресурстық орталығы. Аталған орталық студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық түзете-дамыту қолдауын көрсетуге және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. 2025–2026 оқу жылынан бастап Атырау облыстық №1 ПМПК мекемесімен ынтымақтастық аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қабылданып, логопедиялық және психологиялық түзете-дамыту сабақтары жүйелі жүргізілді. Бұл жұмыстарға кафедра профессор-оқытушылары ғылыми-әдістемелік жетекшілік жасап, студенттердің кәсіби тәжірибесін дамыту жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде оқу жылы ішінде екі авторлық куәлік алынып, бір пайдалы модельге патент алынды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі  департаменті арасындағы меморандумның негізінде «Психологиялық қызметтің өзекті мәселелері» атты тақырыпта оқу-семинарлары үнемі ұйымдастырылады.

Кафедраның қауымдастырылған профессорлары Л.Е.Қойшығұлова, К.О.Казиев Абай атындағы ҚазҰУ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде, С.Торайғыров атындағы Павлодар университетінде, А.Букетов атындағы Қарағанды университеттерінде  диссертациялық кеңес отырыстарына рецензент, уақытша диссертациялық кеңес мүшесі болып табылады.

ҚР Ұлттық ұланы Атырау облысы бойынша 5546 әскери бөлімінің басшылығының ұсынысымен жас сарбаздарға моральдық-психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында жыл сайын психология мамандығының  студенттері бірлесе әскери бөлімде жас сарбаздарға семинар-тренинг пен психологиялық қолдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізуде. Ғылыми жетекшісі А.Е.Султанғалиева.

Тұлғалық үйлесімді дамытуда аянбай қызмет ететін мамандар даярлау жолында кафедра ұжымының мақсаты айқын, болашағы кемел.