
24 сәуір 2025
Қаржылық моноторинг агенттігі үздік студенттермен кездесу өткізді
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігінің бастамасымен оқу ордасының үздік студенттерімен маңызды кездесу өтті.
Агенттіктің кадрлық резервін жасақтау мақсатында ұйымдастырылған шараны Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Артур Хайрутдинов өткізді.
Кездесуге GPA көрсеткіші 3,3 және одан жоғары болатын 2025 жылғы IT саласының барлық бағыттары, педагогика және психология, математика және статистика, физика, география, тарих, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, құқықтану, стандарттау және сертификаттау мамандықтарының түлектері қатысты.
Шара барысында студенттер агенттік қызметімен танысып, сала өкілімен еркін форматта пікір алмасты. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, агенттік қызметінің ерекшеліктері, жұмысқа қабылдау тәртібі және болашақ мансаптық мүмкіндіктер жайлы толыққанды ақпарат алды.