Талапкерлер үшін қажетті құжаттар
Шығармашылық дайындықты талап ететін қажетті құжаттар
Шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар шығармашылық емтихандар тапсыру үшін Университетің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
- Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
- 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Форма 075/У нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті;
- ҰБТ сертификаты (бар болса);
- Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.
Қабылдау комиссиясына тапсыруға қажетті құжаттар (ақылы негізде): 4 ж
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (диплом түпнұсқасы);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 3x4 сантиметр көлеміндегі 4 фотосурет;
- Форма 075/У нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті;
- ҰБТ сертификаты (бар болса);
- Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.
Шетел азаматтарын оқуға қабылдау! Оқуға қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
- Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім туралы құжат (нотариалды куәландырылған аттестаттың немесе дипломның түпнұсқасы мен көшірмесі, нострификациядан өткені туралы куәлік (бар болса);
- Жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды заңдастырылған паспорт көшірмесі);
- 3x4 сантиметр көлеміндегі 4 фотосурет;
- 075-У формасындағы медициналық анықтама (флюорография суреті бар).
- ХҚКО-дан нострификациядан өту үшін құжаттарды тапсыру туралы қолхат.
Қабылдау комиссиясына тапсыруға қажетті құжаттар (2ж, 3ж):
- Техникалық және кәсіптік немесе жоғары білім беру туралы құжат (диплом түпнұсқасы);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 3x4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
- Форма 075/У нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті;
Әскери қызмет өткерген азаматтар университетінің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
- Университет ректорының атына өтініш;
- Білімі туралы құжат (түпнұсқа);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Өлшемі 3 x 4 сантиметр болатын 6 фотокарта;
- Форма 075/У нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті;
- Әскери билеті (көшірмесі);
- Мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ЦОН-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
Педагогикалық ғылымдар білім беру салалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар Республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын конкурсына қатысу үшін 2024 жылдың 15 шілдеге дейін арнайы емтихан тапсыруы қажет.
Педагогикалық ғылымдар білім беру салалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар ЖОО-ға ақылы оқуға қабылдау үшін 2024 жылдың 24 тамызға дейін арнайы емтихан тапсыруы қажет.
Арнайы емтиханды өткізу орны мен уақыты: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, №1 оқу ғимараты, 1-ші қабат, № 108 кабинет.
Сұрақтар бойынша: Кәсіптік бағдар және маркетинг бөлімі, №250 кабинет. Дс-Жм 09:00 – 18:00, -Сн 09:00 - 14:00, -Жк-демалыс