
18 сәуір 2025
«Build with AI Atyrau»: Google экспертімен кездесу өтті
Х.Досмұхамедов Атырау университетінде «Build with AI Atyrau» тақырыбында Atyrau Hub өкілдері және Google экспертімен кездесу өтті.
Google-дің қолдауымен ұйымдастырылған шараға бағдарламашылар мен IT мамандар, студенттер және оқытушылар қатысып, жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы соңғы жаңалықтар мен құралдар туралы ақпарат берілді. Кездесуде Firebase Genkit, Google AI Studio және Gemini for Developers сияқты жаңа өнімдер таныстырылып, олардың көмегімен ЖИ функцияларының жасалу жолы түсіндірілді.
«Firebase Genkit — TypeScript және Go тілдерінде AI-қолданбалар жасауға арналған фреймворк болса, Google AI Studio — браузер негізіндегі құрал, ол арқылы әзірлеушілер генеративті ЖИ модельдерін жылдам тестілеп, прототип жасай алады. Gemini for Developers — Google Cloud және AI Studio-мен бірігіп, дамытушыларға enterprise-деңгейдегі ЖИ мүмкіндіктерін береді», - дейді Google сарапшысы Vrijraj Singh. Қатысушылар Google сарапшысы Vrijraj Singhтан тікелей тәжірибе алып, баяндамасын тыңдап, ЖИ құралдарын қалай тиімді пайдалануға болатынын үйренді.
Сонымен қатар кездесуде Atyrau Hub жергілікті менеджерлері Ануар Сарсенғалиев және Нұрлыбек Аталықов Атырау өңіріндегі IT саласының даму мүмкіндіктер мен жергілікті IT Hub - Atyrau Hub-тың жұмыс барысын нақтылап өтті.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған IT саласына қатысты сұрақтарын қойды.